Меню KDT
МЕНЮ

  

Президенттің Жолдауы

Астана ЭКСПО - 2017

Пайдалы сілтемелер

 

Астана қаласы Әкімдігінің сайты


Астана қаласы Білім басқармасының сайты

 





№8 орта мектептің сайтына қош келдіңіздер

Наурыз

Астана қаласы
8 орта мектебінің
11 «А » сынып оқушысы
Малбағар Мәншүк
мұғалімі: Өтепова Салиха Қамбарқызы

 

Көктемнің жауһар сырлары

Мен көктем мезгілін ұнатамын. Бұл мезгіл өзінің мейірімділігі және жылуымен, тазарған пәктігімен және жаңарған күнімен ұнайды. Қыс мезгілімен қоштасар сезімталдығы және өмірге деген құштарлығымен ұнайды. Көктем алғашқы күндерінен-ақ жер дүниеге өзінің жылу шуағын шашып, жасыл желегін сыйға тартады. Қаһарлы қыс та билігін қарындасына табыс етіп, жанында жүрген нөкерлерімен өзіне ғана мәлім, біз біле бермейтін мекеніне жол алады. Әйел жаны әрқашан сезімтал да сиқырға құштар емес пе? Көктем де алғашқы сиқыры мен сезімге бөлейтін сезімталдығын жүргізе бастайды. Алты ай бойы ақ тонын тастамай киіп жатқан Жер –Ананың тоңын жібітіп, әдемі гүлді жасыл көйлегін кигізеді. Жер-Ананы түрлі мерекелер өткізіп, көңілін көтереді.Сондай Ұлы да үлкен мереке – Наурыз мерекесі. Бұл мерекеге күллі мұсылман қауымы белсене кіріседі. Себебі, біздің дәстүрімізде келген қонақты ілтипатпен күтіп алу салты ежелден сақталып келеді. Дастарқанын төгін-шашын етіп жаю - бұл қонақжайлығымызды ғана емес, еліміздің берекесін, молшылығын білдіретін белгі. Қонақтың көңілін көтеру мақсатында , сауық – сайран құру, ұлттық ойындар өткізу, түрлі жарыстар ұйымдастыру арқылы өзімізді ата – салтымызды сақтайтын, өнері өрге озған халық екенімізді көрсетеміз. Бір – бірімен қауышқан, бірін – бірі сағынысқан, бұрынғы араздықты ұмытып, бүгінгі бірлікпен өмір сүруді аңсаған елдің ынтымағын көрген табиғат та мейірім нұрын шаша түседі. Міне, осы жылудан, мейірім нұрынан «Самарқандтың көк тасы» да ери бастайды. Жылғалардан аққан суынан да,ұшқан құстардың үнінен де, маужырап оянған табиғаттан да, төлдеген жануарлардан да Наурыздың жауһар жырын, көктемнің жұпар гүлін сезінесің. Сезініп қана қоймай, сезімге бөленесің...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы
8 орта мектебінің
10 «Б» сынып оқушысы
Көпбосын Бексұлтан
мұғалімі: Өтепова Салиха Қамбарқызы

 

 

 

Наурызым , ару күнім

 

Наурызым- көктен нұр жауған күнім,

Нұрланып ажарланар ашық жүзің.

Қар еріп, бәйшешектер гүлін ашқан,

Жадырап көрінеді көзі күннің.

 

Сылдырап жылғалардан ағар суың,

Жұпары сезіледі ашқан гүлдің.

Мал төлдеп жайлаудағы у мен шудан,

Сеземін келгеніңді Жаңа жылым.

 

Гүлдерің жұпар шашар арайланып,

Қиялға бөленерсің таңғажайып

Сылдырын бұлақ судың естігенде

Естисің ару қыздың шолпы үнін.

 

Наурызым- арайланған жаңа күнім,

Жұлдызы жарқыраған мақпал түнім,

Жаңғырып қазағымның ата- салты,

Қауышар кетер қыс пен келер жазым.

 

Наурызым, ару күнім, арай күнім ,

Жырланар жер жүзінде жауһар жырың,

Күн мен түн теңеседі бірдей болып,

Айтардай бір – біріне арман, сырын.

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы
8 орта мектебінің
9 «Г» сынып оқушысы
Күнбосынова Бақытгүл
мұғалімі: Өтепова Салиха Қамбарқызы

 

Наурызым-Ұлы мерекем

Наурыз мерекесі –түркі халқының ұлттық мерекесі. Бұл мереке –жақсылық пен мейірімділіктің, адалдық пен пәктіктің , шынайылық пен тазалықтың, достық пен ынтымақтастықтың мерекесі. Ежелден аталарымыз осы күнді асыға күткен: өткен күндеріне өкінбесе де, келер күнінен күтері көп болған. Жер дүние жаңарып, он сегіз мың ғалам жасарып, аспан әлемі ашылатын күнге жеткеніне шүкіршілік ете отырып, болашағына үміттенген, жаңа күннен үмітін үзбеген.

Алты ай ақ қар мен көк мұздың құрсауында жатқан Жер –Ана да күн нұрына нұрланып, жасыл желекке оранады. Мал көкке жеткеніне қуанса, жұрт аққа жеткеніне қуанған. Бұлақ көзін ашып, айналасын тазартып, Ұлы мерекеге дайындықты наурыз айының басынан бастаған, қара жерді жарып шыққан бәйшешектің алғашқы белгілерін көргеннен-ақ, бір – бірінен сүйінші сұрап, жас балалар ауыл –аймаққа хабарлаған. Қара қазан отқа қойылып, өзі ашықса да, осы күнге деп сақтап отырған сүр етін шығарып, наурыз көженің қамына кіріскен. Бірінде болмағанын екіншісі беріп, қара қазанды бірлесе қайната отырып, Ұлыстың Ұлы күнін бірге тойлаған атам қазақ қызығы мен қуанышын да бірге көтеріскен. Алтыбақан тігіліп, жастары ән шырқаған, жарыс пен бәйге ұйымдас-тырылып, қырдағы ел мен ойдағы жұртты қауыштырған, ескі өкпе мен кек ұмытылып , бір – біріне кешіріммен қараған күн болған. Жаны жайсаңдар әлсіздерге көмек қолын созса, қарттары жастарға батасын беріп, келіндер енелерінен қонақ күту дәстүрін үйренген күн болған. Жігіттер өнерімен көзге түссе, қыздары көркімен жүрекке от тастаған күн болған.

Арадан жылдар өтіп, тағдырдың қаталдығы мен тауқыметін көтере білген, кезінде еленбей, елене қалса, «ескінің көлеңкесі» деген атпен сыналған, жаны жараланған, жазықсыз жазаланған, халқыммен бірге қараланып, біреулер жасырын тойлаған, біреулер атын да білмеген мереке болғанын да ұмытпауымыз керек.

Бірақ Аллаға шүкір, Егемендігімізді алғаннан бері Ұлыстың Ұлы күні қайта жанданып, жойыла жаздаған құндылықтарымыз қайта өзімге оралды. Ата – бабамыздың салт – дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлы мерекелері ұрпаққа қайта табыс етілді. Енді еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстар бұл мерекені «қазақтың мерекесі» деп емес, «біздің мерекеміз, еліміздің мерекесі» деп тойлайтын күнге де жеттік.

Бұл мереке өзінің ұлылығымен де, ұлыстығымен де, ынтымақтастығымен де, жылылығымен де , шуақтығымен де әрқашан бүкіл халықтың Ұлы мерекесі болып қала береді. Себебі, бұл мереке - Жер –Ананың бусанып, Қыдыр Атаның батасы берілетін мереке, ал баталы елдің ұрпағының өмірі әрқашан баянды болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  •             20let.png
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png
  •                            

введите текст


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2016 год