Меню KDT
МЕНЮ

  

Президенттің Жолдауы

Астана ЭКСПО - 2017

Пайдалы сілтемелер

 

Астана қаласы Әкімдігінің сайты


Астана қаласы Білім басқармасының сайты

 





№8 орта мектептің сайтына қош келдіңіздер

ҰБТға дайындық

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік

аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрығы

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың,

оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің

үлгі ережесі

4. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

33. ҰБТ тізбесі Министрдің бұйрығымен бекітілген тестілеу өткізілетін пункттердің (бұдан әрі - ҰБТ ӨП) базасында өткізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

34. ҰБТ-ны өткізу үшін әрбір ҰБТ ӨП-те мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - МК) құрылады. МК өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, осы Ережені және басқа да білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

35. МК-нің құрамына мәслихат пен әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармасының бастығы (бұдан әрі - білім басқармасының бастығы), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық басқармалары қызметкерлері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық, оның ішінде жастар және студенттік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, білім басқармаларының білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді. МК мүшелерінің саны тақ болуы: 5 адамнан кем емес және 11 адамнан аспауы қажет.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

36. Білім беру ұйымдарында:

облыстардың, астана, республикалық маңызы бар қалалардың базасындағы ҰБТӨП-терде мемлекеттік комиссияның төрағасы болып жоғары оқу орындарының немесе облыстардың, астана, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармасының басшылары тағайындалады;

аудан орталықтарында орналасқан ҰБТӨП-терде мемлекеттік комиссияның төрағасы болып аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері тағайындалады.

МК құрамы жоғары оқу орындарының және білім басқармаларының ұсынысы бойынша Министрдің бұйрығымен ҰБТ-ны өткізу кезеңіне бекітіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

37. МК:

1) ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) ҰБТ аяқталғаннан кейін дұрыс жауап кодтарын іледі және тестілеудің нәтижесін хабарлайды;

3) МК-ның шешімі отырысқа қатысып отырған МК мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және төраға мен хатшы қол қоятын отырыс хаттамасымен толтырылады. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) ҰБТ-ы мәселелері бойынша жұртшылық арасында ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

5) ҰБТ-ны өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды, сондай-ақ мектеп бітірушілерді тестілеуге жіберу кезінде металл іздегішті және тестілеу кезінде ұялы байланыс телефондарының сигналдарын басатын құрылғыларды пайдалануды ұйымдастырады.

38. ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес өткізіледі.

Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде мұндай бітірушілерге арнайы немесе шығармашылық емтихандар белгіленеді, олар өздері таңдаған орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларымен өткізіледі.

39. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.

40. Тестілеу ҰБТ ӨП-те 1 маусымнан 10 маусымға дейін жүргізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

41. ҰБТ Ұлттық тестілеу орталығы жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.

42. ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

43. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны - 25.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен 44-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

44. ҰБТ-ға 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыру:

1) қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда;

2) оң бағаны арттыру мақсатында рұқсат берілмейді.

45. ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады. Балдарды бағаға ауыстыруды Министрлік белгілеген 1-қосымшадағы шкалаға сәйкес МК жүргізеді.

46. ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

47. Бітірушіге бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа бітірушімен ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, байланыс құралдары аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

48. Бітіруші осы Ереженің 47-тармағын бұзған жағдайда Министрлік өкілі осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда ҰБТ-да қолдануға тыйым салынған заттарды алып қою және үстінен түсу туралы актісін жасайды, оның тест нәтижелерін жою және мектеп бітірушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдайды.

49. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір ҰБТ ӨП-де апелляциялық комиссия құрылады.

50. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.

51. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның бітірушіге балдар қосу туралы ұсыныстардың негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 52-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

52. Республикалық комиссия өз функцияларын орындау мақсатында апелляциялық комиссиялардан қажетті құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде бітірушінің жауап парағының көшірмесін, ҰБТ технологиясының сақталуы туралы мәліметтер сұрауға және алуға құқылы.

53. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Республикалық апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.

54. Апелляциялық комиссияның төрағасы Министрдің бұйрығымен, ал оның құрамы - облыстар, Алматы және Астана қалалық білім басқармаларымен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына МК мүшелері кірмеуі керек.

55. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, бітірушіге балдар қосу туралы республикалық апелляциялық комиссияға ұсыныс енгізеді және оған апелляцияның қорытындылары туралы оны хабардар етеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен 56-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 56-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

56. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн бойы қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ-ға жіберу рұқсаттамасы болуы керек.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

57. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады.

58. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болуға құқығы бар. Комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 Бұйрығымен 59-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

59. Республикалық апелляциялық комиссияның және апелляциялық комиссиялар отырыстарының хаттамалары жыл бойы ҰТО-да сақталады.

60. ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 61-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

61. ҰБТ-ны тапсырған бітірушілерге:

ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат (бұдан әрі - сертификат);

62. Сертификатты МК толтырады және ҰБТ-ны тапсырған күннен кейін үш күн ішінде ҰБТ ӨП-те беріледі.

Сертификатқа ҰБТ шеңберінде әр пәннен жинаған балл қойылады.

Сертификат МК төрағасының, Министрлік өкілінің қолымен расталады және базасында ҰБТ ӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының немесе жергілікті білім беруді басқару ұйымдарының мөрі басылады.

63. Аттестат ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдарымен беріледі. Аттестатқа ҰБТ шеңберінде МК шешіміне сәйкес жалпы білім беру пәндері бойынша ҰБТ-да алған бағасы қойылады.

64. ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің

білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың

үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық

және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне

1-қосымша

ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы

аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы

р/с

Пән

2 (қанағаттанарлықсыз)

3 (қанағаттанарлық)

4 (жақсы)

5 (үздік)

1.

Қазақ тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

2.

Орыс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

3.

Қазақстан тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

4.

Математика

0-3

4-11

12-19

20-25

5.

Физика

0-3

4-11

12-19

20-25

6.

Химия

0-3

4-11

12-19

20-25

7.

Биология

0-3

4-13

14-20

21-25

8.

География

0-3

4-13

14-20

21-25

9.

Дүниежүзі тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

10.

Қазақ әдебиеті

0-3

4-13

14-20

21-25

11.

Орыс әдебиеті

0-3

4-13

14-20

21-25

12.

Ағылшын тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

13.

Неміс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

14.

Француз тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

15.

Қазақ тілі орыс мектептеріне арналған

0-3

4-11

12-17

18-25

16.

Орыс тілі қазақ мектептеріне арналған

0-3

4-11

12-17

18-25

  •             20let.png
  •             astana.png
  •             balakorgau.png
  •             cdo.png
  •             e-learing.png
  •             Emblem_of_Kazakhstan.svg.png
  •             Enulogo.png
  •             Ipo.png
  •             Kazakhstan.png
  •             logo_daryn_large.png
  •             nazarbaev_university.png
  •             nisz.png
  •                            

введите текст


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2016 год


Warning: file_put_contents(): Only 0 of 55719 bytes written, possibly out of free disk space in /srv/projects/io/app/controller/cms20/cmsController.php on line 103